«ЖПП» қызметкері тоқтатса...

24.03.2016
Қаралды: 2690

Күнделікті қарбаласта өз әрекеттеріміздің құқықтық тұрғыдан қаншалықты дұрыс екендігі туралы ойланбаймыз.

 Мысал ретінде жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің жүргізушілерді тоқтатуын айтайық. ЖПП қызметкері сізді қандай жағдайларда тоқтатуы мүмкін? Төменде осы мәселелер төңірегінде жазылған.

* Егер жол-патрульдік полициясының қызметкері қызметтік көлікте дауыс ê¾øåéòêіø көмегімен жүргізушіге арнап, сіздің автоңыздың мемлекеттік нөмірін, көлік «маркасын» атаса немесе егер жаяу көліксіз инспектор таяқ көмегімен сізге қайда тоқтау керектігін көрсетсе, онда тоқтауға міндеттісіз.  Осыдан кейін ЖПП қызметкері өзінің лауазымын, арнайы атағын, тегін және ол қызмет ететін бөлімшені, сондай-ақ тоқтату себебін айтуы керек. ЖПП қызметкерінің рұқсатынсыз сізге немесе қасыңыздағы жолаушыңызға көліктен шығуға болмайды.

* «Жол қозғалысы туралы» заңның 52-бабы, 2-тармағына сәйкес, ЖПП қызметкерінің автокөліктерді негізсіз тоқтатуына тыйым салынған. Тоқтату үшін мыналар негіз болып табылуы мүмкін: жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, жүк тасымалдау ережелері, сондай-ақ рейд жүргізу. 

ЖПП қызметкері кезекшілікке шығарда өзіне қызметтік «жетон» алады. Егер сіз ЖПП қызметкерінен күмәнданар болсаңыз, ЖПП қызметкерінен қызметтік куәлігін немесе «жетонды» көрсетуін талап ете аласыз.

* ЖПП қызметкері жұмысын қызметтік автокөлікте және жаяу нарядта атқаруы мүмкін. Жол полициясының инспекторы қызметті атқаруда жол қозғалысының қатысушыларына көрінетін аумақта болуы тиіс. Яғни қандай да бір кедергілердің арғы жағында (ағаштар, ғимараттар және құрылыстар, жарнамалық қалқандар және т.б.), сондай-ақ тоқтау мен тұру тыйым салынған орындарда орналаспауы тиіс.

* Сізге тиісті емес автокөлікті басқаруға сенімхаттың болуы талап етілмейді. Сенім берілген тұлғаның мәліметтері сақтандыру полисінде көрсетілсе жеткілікті. Егер автокөлік иесі өз көлігін басқара алмаса (ішімдік ішу және т.б.), ол көлігін өзге біреуге сенімхатсыз бере алады. Бірақ көлікте өзінің болуы міндетті. 

* Егер сізді ЖПП қызметкері тоқтатса, өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы керек:

– жүргізуші куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің  жеке басын куәландûратын құжат);

– көлік құралын тіркеу құжаттары;

– заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі немесе жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі;

– белгіленген жағдайларда тасымалданатын жүкке жол-сапар қағазы және құжаты.

* Жол қозғалысы ережелерін бұзу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес îíäàé æàғäàéäà айыппұл ñàëûíàäû. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 890-бабының 1-тармағына сәйкес, егер көрсетілген мерзім ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қаулы шығарылмаса, 1 жыл өткеннен кейін адам жауапкершілікке тартылмайды. Ал егер қаулы шығарылса, 30 күннен кешіктірмей төлеуі тиіс.

* Жүргізуші іс материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдеме ұсынуға, сұраныс-хат æàñàóғà, өтініш беруге құқылы, сондай-ақ істі қарауда адвокаттың заңды көмегінå æ¾ãіíóãå, ана тілінде сөйлеуге және егер іс жүргізілетін тілді меңгермесе, аудармашының қызметтерін пайдалануға құқылы.

...Баршаңызға сәтті сапар тілейміз. Жолда абай болыңыздар!

Пікір қалдыру

1000 символ