Үйге түскен ұрыны бес сағатта іздеп тапты

05.12.2016
Қаралды: 1128

Қараша айының басында үйіме ұры түскен еді. Айтуға оңай, бірақ көңіл-күйге әсері өте жайсыз екен. 

Қаладағы ауруханаға кеткенімді пайдаланып, терезенің көзін алып, дәнекерлеуші аппарат пен «Болгарка» аталатын металл кесетін құралды үптеген.

Менің шағымыммен Шұбарсу ауылдық №10 учаскенің  полиция майор­лары Бауыржан Әденбаев, Қуаныш Қазенов, аға лейтенанттар Мерей Әлиев және Бақдәулет Берікбаев мәселені егжей-тегжейлі анықтап, қимыл­ға көшті. Жергілікті адамдармен хабарласып, ауылды аралап, күдіктілерді шолып шықты. Арада бес сағат өтер-өтпесте аға лейтенант Мерей Мәжитұлы қоңырау шалып: «Аға, қолды болған заттарыңыз табылды, учаскелік пунктке тездетіп жетіңіз!» – деп телефон арқылы жақсы хабар жеткізді

Шұбарсу ауылы жыл өткен сайын өсіп келеді, соған орай онда түрлі оқиғалар да өрістеп отыр. Солардың бірі – ұрлық-қарлық. Басты себебі, әрине, жұмыссыздық.

Уақытпен санаспай, тұрғындар тыныштығын күзетіп жүрген  №10 учаскелік, Ордабасы аудандық және облыстық жергілікті полиция (бастығы полковник Б.Абылаев) мен облыстық ішкі істер департаменті (бастығы Ж.Сүлейменов) қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Қызметтеріне табыс тілеймін, елдің алғысына бөлене берсін!

Т. ӘБІЛДА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ