Кредиттік картаға мұқият болыңыз!

29.11.2016
Қаралды: 912

Бүгінде банкпен байланысы жоқ адам кемде-кем. Әсіресе кредиттік карта иелері жылдан-жылға артып келеді. 

Дегенмен күндердің күнінде оны жабатын да сәт келуі мүмкін. Ендеше, кредит картасын дұрыс жабудың жолдары қандай?

 Уақыт сағаты жеткенде кредит картасын жа­уып тастауыңыз керек. Әйтпесе банк автоматты түрде өз қызметі үшін комиссиялық төлем есептей береді. Кейін оған айыппұлдар қосылуы мүмкін. Қысқасы, банк­тен алған қарызыңызды толық қайтарған соң кредиттік картаңызды толықтай жа­уып тастаңыз. Мұны мүм­кіндігінше несие алған жеріңізде іске асырыңыз.

 Кредиттік картаны жабу үшін өзіңізде жеке бас куәлігіңіз бен оның көшірмесі, «пластиктің» өзі, банкпен арадағы келісім-шарт болуы керек.

 Банкке барған соң ол жерден өзіңіздің қарызыңыз бар-жоғын анықтаңыз. Бар болса, оны төлеп құтылыңыз. Егер банкте келісім-шарт қағазын қайтарыңыз десе, оған көнбеңіз, оларда оның өзіндік нұсқасы болуы керек.

 Сіз берген құжаттың бәрін банк қызметкерлері тіркеуге алып, сізге олардың көшірмелерін беруі тиіс. Мұнда оның жеке өзі туралы мәліметтер де болуы керек. Сондай-ақ сіздің арыз берген күніңіз көрсетіледі, мекеменің мөрі басылуы тиіс.

 Есіңізде болсын, банк қызметкері кредиттік картаны­ тап сол жерде, сіздің көзіңізше жоюы тиіс. Яғни қоқысқа құр тастай салмай, қырқып, жарамсыз етіп тастауы тиіс.

 Тағы бір есте сақтар жайт, кредиттік картаның­ өткізген арызыңыз­ға қоса тігілмеуін қадағалаңыз. Егер банк қызметкері сізден ПИН-код пен конверт сұраса, онда тез арада бұл мекеменің қауіп­сіздік қызметімен ба­й­ланысыңыз.

 Кредит картасы жойылғанына толық көзіңіз жеткесін банк қызметкерінен өз шотыңыздың қашан жабылатыны жөнінде нақтылап біліңіз, соған қатыс­ты анықтама беруін сұраңыз. Бұған қосымша ақы төлеуіңіз мүмкін, бірақ ол кейін сіздің жаныңыздың тыныш болуының алдында түкке де тұрмайды. Өйткені сіз енді шот бойынша банк алдында ешқандай да қарыз, міндеттемеңіз жоқ екенін білесіз.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ