Оларды полиция іздеп жүр

28.11.2016
Қаралды: 1183

Бүгінде құқық қорғау орындары із-түзсіз кеткендер мен қылмыс жасап қашып жүргендердің тізімдерін баспасөз беттерінде жиі жариялап жүр. 

Осындайлардың тізімі Шардара ауданында да бар екен. Кешегі аптада аталмыш аудан прокуратурасы заң алдында жауап беруден қашып жүрген адамдар туралы газетте жариялауды сұрап, ішкі істер бөлімі іздеу салған тізімді жолдады. Шардара аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі А.Тұрғынбаев қол қойған бағыттамада былай делінген:

«Төменде көрсетілген қылмыскерлерге байланысты өз қарамағыңыздағы қызметкерлерге толық хабарлама беріп, нәтиже болған жағдайда біздің мекен-жайға хабарлауларыңызды сұраймыз. ОҚО, Шардара қаласы, Төлеби көшесі, №32 үй. Байланыс телефондары: 8-(725-35) 2-23-82, 2-15-35, 2-26-76.

Танбаев Нургазы Жылкибаевич, 03.07.1990-жылы туылған. Шардара қаласы, Энгельс көшесі, №4/1-үй тұрғыны. 25.11.2013-жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша іздестірілуде. Бұлтартпау шарасы – «қамауға алу». Белгілері: Бойы 175-180 см. Шашы мен көзі қара түсті. Бет-әлпеті сопақ жүзді, арық денелі, сақал-мұрты жоқ.

Раков Виктор Владимирович, 15.10.1978-жылы туылған. Шымкент қаласы, Чапаевка поселкасы, Тельман көшесі, №14 үй тұрғыны. 18.10.2011-жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша іздестірілуде. Бұлтартпау шарасы – «қамауға алу». Белгілері: Бойы 160-168 см. Шашы сары, көздері көкшіл түсті. Бет-әлпеті сопақ жүзді, арық денелі, сақал-мұрты жоқ.

Тайжан Ғани Беделханұлы, 27.10.1980-жылы туылған. 13.09.2016-жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша іздестірілуде. Бұлтартпау шарасы – «қамауға алу». Белгілері: Бойы 170-180 см. Шашы мен көзі қара түсті. Бет-әлпеті домалақ жүзді, орта денелі.

Дуйсебаев Каракбай Сарсенбекович, 03.04.1983-жылы туылған. Шардара ауданы, Ұзын ата ауылы, Ерубаев көшесі, №1/6 үй тұрғыны. 19.09.2016-жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша іздестірілуде. Белгілері: Бойы 180-185 см. Шашы қоңыр, көздері көк түсті. Бет-әлпеті сопақ жүзді, орта денелі».

Полиция іздеуінде жүрген бұл азаматтар қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан олар туралы кез келген мәліметті жоғарыда көрсетілген телефондарға хабарлауға болады.

С. БАҚТЫБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ