Арыстанбек Мұхамедиұлы Еңлікті сотқа берді

21.11.2016
Қаралды: 864

Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төңірегіндегі даулы жайлар жалғасып жатыр.

Кешегі аптада Арыстанбек Мұхамедиұлының Еңлік Сыдықованы сотқа бергені мәлім болды. Министр бұған қатысты Астана қаласының Есіл аудандық №2 сотына шағым түсіріпті. Өз шағымында ол Е.Сыдықова бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шындыққа жанаспайтын сөздер таратып, жала жапты, ар-намысыма, іскерлік беделіме нұқсан келтірді деп көрсеткен, сол үшін оны қылмыстық жазаға тартуды сұраған. Аталған сот судьясы К.Дүйсембиев бұл шағымды қаралуға жатады деп тапқан. Яғни А.Мұхамедиұлы – жәбірленуші, Е.Сыдықова – айыпталушы жақ деп танылған.

Енді сотта әркім өзінің сөзін дәлелдеуі тиіс. Еңлік Сыдықованың айтқандары жала деп табылған жағдайда оған оңай болмасы анық. Бұл бап бойынша кінәлі деп табылған адамға 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе бас бостандығы 2 жылға шектеледі немесе осынша мерзімге бас бостандығынан айырылады екен. Мұндайда тараптар өзара түсінісіп, келісімге келе алса, мәселе жеңілдеу жолмен шешілуі де мүмкін деседі.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ