Сиыр ұрлағандар ұсталды

13.11.2016
Қаралды: 884

Осыдан бірнеше күн бұрын Бәйдібек ауданының тас жолында полицейлер сиыр артып алған «ЗИЛ» көлігін тоқтатқан еді. 

Онда отырған екі жас жігіт сиырлардың құжаттарын көрсете алмағандықтан оларды аудандық ішкі істер бөліміне апаруға тура келді.

Зерделеу барысында 7 сиырдың да ұрланған екені анықталып, заңды иелеріне қайтарылды. Екі жігіт бұл сиырларды Сайрам ауданындағы мал базарына апарып сатпақашы болғанын мойындады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер

департаментінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ