773 бала тәртіпке шақырылды

13.11.2016
Қаралды: 790

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері  1 – 11-қараша күндері  Ішкі істер министрінің тапсырмасымен «Жеткіншек» арнайы іс-шарасын өткізді. 

Іс-шара басталған күннен бері ішкі істер бөліміне 773 кәмелетке толмаған бала әкелінген. Олардың 579-ы құқықбұзушылыққа жол берсе, 57 жеткіншек қараусыз, бақылаусыз жүргені анықталыпты.

Полиция жасөспірімдер тарапынан жасалған 567 құқық­бұзушылықты анықтап, олардың ата-аналарына әкімшілік шара көрілді. 48 ата-ананың үстінен баласының тәрбиесі мен білім алуына жауапкершлікпен қарамағаны үшін құжаттар жиналып, іс ауданаралық мамандандырылған сотқа жіберілді. Одан бөлек, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені, бұзақылығы, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін де жауапқа тартылғандары бар.

Сонымен бірге ата-анасының қарауынсыз қалған 57 бала кәмелеттік жасқа толмағандарды оңтайландыру орталығына орналастырылды. Тағы 66 бала ішкі істер бөліміне тіркеуге алынған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер

департаментінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ