Ағаш кескен, сексеуіл ұрлаған

13.11.2016
Қаралды: 898

1-қарашадан бері облыс аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. 

Шараға полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау өкілдерінен құралған 50-ден астам жедел топ жұмылдырылған. Соның арқасында сақшылар үш тәулікте  54 құқықбұзушылықты, 9 экологиялық қылмыс­ты анықтады.

1-қараша күні полицейлер Сарыағаш ауданы аумағында Келес өзенінің бойында ағаштарды заңсыз кескен жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ал сол күні Түркістан қаласында сексеуіл артқан жүк көлігі полицейлердің қолына түскен. Кінәлілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер

департаментінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ