Параға джип көлігін сатып алыпты

14.11.2016
Қаралды: 1260

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті пара алды деген айыппен ұстады. 

Қаржы полициясының мәлімдеуінше, С.Хасенов елімізге ет өнімдерін әкелуге рұқсат бергені үшін ай са­йын пара алып отырған.

Жарияланған деректерде С.Хасеновтің Е.Решетько деген сенімді адамымен бірге Қазақстанға шетелден өткі­зілетін еттің әр килосы үшін белгілі сомада ақы белгілеп отырғаны туралы айтылған. Тергеушілер осындай жолмен елімізге биылғы наурыз бен қазан айларының аралығында 7 мың 400 тоннадан астам құс еті әкелінгенін анықтапты. Ал С.Хасенов пен Е.Решетьконың алған пара мөлшері 37 миллион теңгеге жеткен екен. Хасенов өзі иемденген ақшаға биылғы жылы шыққан су жаңа «Тойота Ланд Крузер 200» автокөлігін сатып алыпты.

Бүгінде С.Хасенов сот санк­циясымен қамауға алынған, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ