Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталды

06.11.2016
Қаралды: 731

Биылғы 10-маусымда белгілі продюсер Баян Есентаеваның басында қиын күндер болғаны, оған күйеуі Бақытбек Есентаев­тың ауыр дене жарақаттарын салғаны белгілі. 

Осыған қатысты қозғалған қылмыстық іс отырыстары кешегі бейсенбіде аяқталды.

Іс Алматы облысының қылмыстық істер бо­йынша арнайы мамандандырыл­ған ауданаралық сотында қаралды. Сот кезінде Баян Мақсатқызы өзінің бұрынғы күйеуін кешіргенін мәлімдеген еді, адвокаттары да оған аса қатаң жаза берілмеуін сұраған болатын. Дегенмен сот Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтеуге үкім шығарды.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ