Бейбіт Сыздықовқа қатысты үкім шықты

07.11.2016
Қаралды: 1315

Биылғы сәуір айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық еңбек, 

халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Бейбіт Сыздықовтың 100 мың теңге парамен ұсталғанын жария еткені белгілі. Б.Сыздықов параны бір әйелдің мүгедектік мерзімін ұзарту және мерзімсіз мүгедектікке өткізу үшін алған деп айтылған болатын. Содан бері Б.Сыздықов «үй қамағында» отырып келді.

Таяуда бұл істі қараған әл-Фараби аудандық соты Бейбіт Сыздықовқа қатысты үкім шығарды, сөйтіп оны 1 жыл 3 ай 8 күнге бас бостандығын шектеу жазасына кесті. (Яғни 1 жыл 6 айға соттады, қолданыстағы заң бойынша бұл мерзімнен оның «үй қамағында» отырған уақыты шегерілді).

Бейбіт Сыздықовтың дүние-мүлкі тәркіленіп, ол мемлекеттік органдарда қандай да бір басшылық қызмет атқару құқынан өмір бойына айырылатын болды.

Кейбір деректерге қарағанда, сот барысында Б.Сыздықов өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Сондықтан оның сот үкіміне қатысты шағымдануы да мүмкін.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ