Сот Альбина Елшиеваның пайдасына шешім шығарды

01.11.2016
Қаралды: 1369

Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде 2011 – 2015-жылдар аралығында облыстық білім басқармасын басқарған Альбина Елшиеваның 

Шымкенттің Қаратау аудандық сотына шағымданғаны жөнінде хабарлаған едік. Ол кісі облыс әкімдігі аппаратының өзін жұмыстан заңсыз босатқанын мойындауы және қызметін қалпына келтіру жөнінде арызданған болатын. Кешегі аптада А.Елшиеваның талабы қанағаттандырылғаны белгілі болды. Қаратау аудандық сотының судьясы А.Сапашевтың төрағалық етуімен өткен сот барысында облыс әкімі Б.Атамқұловтың А.Елшиеваны жұмыстан босату жөніндегі 2016-жылғы 9-наурыздағы өкімі заңсыз деп танылды. Сот А.Елшиеваны білім басқармасының басшысы қызметіне қайта орналастыру жөнінде шешім шығарды.

Біз осы мәселе бойынша облыстық білім басқармасымен хабарластық. Ондағы адамдар қазіргі басшы Қуандық Құлажановтың әзірге өз орнында, тиісті міндеттерін атқарып жатқанын жеткізді. Бұл мәселе төңірегінде әзірге басқадай әңгіме жүріп жатпағанын айтты. «Сот шешімі шыққанын естідік. Мұндай шешім орындалуға жатады ғой. Енді үш-төрт күнде облыс әкімінің бұған қатысты өкімі шығатын болар. Әзірге бұған қатысты айтарымыз осы ғана», – деді басқарманың баспасөз хатшысы Азат Әміртаев.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ