Альбина Елшиева сотқа шағымдануда

17.10.2016
Қаралды: 1236

2011 – 2015-жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы болып істеген Альбина Елшиева Шымкенттің Қаратау аудандық сотына арыз түсірді. 

Ол облыс әкімі аппаратының үстінен өзін қызметінен заңсыз босатқаны туралы шағымдануда.

А.Елшиева аталған мәселемен сотқа осымен үшінші мәрте шағымданып отыр екен. Ол өткен маусым айында облыс әкімі аппаратын жұмыстан заңсыз босатты деп кінәлап, қызметіне қайта тағайындауды талап етіпті. Кейін әлдебір себеппен арызын қайтып алған көрінеді. Бірақ арада бірнеше күн өткесін талаптарын толықтырып, сол сотқа қайта арызданыпты. Алайда сот ол істі өндірістен қысқартып тастапты.

Таяуда А.Елшиеваның Қаратау аудандық сотына кезекті мәрте арыз түсіргені белгілі болды. Ол кісі өзінің жұмыстан заңсыз босатылғанын мо­йындауды талап етуде.

...Бүгінде облыстық білім басқармасын Қуандық Құлажанов басқарып отыр. Оның бұл қызметке биылғы ақпан айында тағайындалғаны белгілі. Қ.Құлажанов оған дейін облыстық Тәртіптік кеңес­те жауапты қызметтер ат­қарған болатын.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ