1 миллион теңге парамен ұсталды

20.09.2016
Қаралды: 1117

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Е.Көкебаев пара алу үстінде қолға түсті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, департаменттің бас маманы салық төлеуші бір азаматқа оның нақты шығындары мен кірістері жайлы қажетті құжат дайындап бермек болыпты. Ол өзінің көрсететін қызметін 1 миллион теңгеге бағалаған.

Бүгінде Е.Көкебаев Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау абақтысына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ