«Төлешов ісіне» қатысты сотқа 25 адвокат қатысуда

19.09.2016
Қаралды: 1067

Астананың қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық әскери сотында шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты басты сот талқылаулары басталды. 

Төлешовке және тағы бірнеше адамға мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылуда. Ал оның жеке өзіне Қылмыстық Кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағыл­ған. Сот отырыстарын жүргізу аталған сот төрағасы Ербол Ахметжановқа жүктеліп отыр.

Бұл сотқа айыпталушыларды қорғап 25 адвокат қатысуда. Олардан сот барысы жайлы жария етпеуге қолхаттар алынған. Себебі онда мемлекеттік құпия болып табылатын жайлар жөнінде де айтылады екен.

Қысқасы, бұл сот отырыстары жабық жағдайда өтеді, әзірге оған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылмауда.

 

...Таяуда әлеуметтік желіде «Тоқтар Төлешовтің өз қылмыстарын мойындағаны туралы жазғ­ан түсініктемесі» деген атпен жазба жарияланғаны белгілі. Көпшілік жұрт оны  шындыққа жанаспайтын жай ретінде қабылдаған еді. Ал кейінгі жарияланып жатқан хабарларға қарағанда, Т.Төле­шовтің адвокаты Евгений Яворский оны растап отырған көрінеді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ