«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының президенті Василий Ни 1 миллион доллар пара алу барысында қолға түсті.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
«Орталық басшысы бұл ақшаны инвесторлармен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкері арқылы бопсалап алған. Ол инвестициялық тендерді «Қорғас-Тюльпан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігнің пайдасына шешіп беретін болып келіскен», – деп жазылған бұл жөнінде таратылған хабарда.
Ал аталған инвестициялық тендер «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы аумағында 5-ші класты мейманхана кешенін салу мақсатында жарияланыпты.
Бүгінде «Қорғас» орталығының президенті қамауға алыныпты, аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр екен.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!