Жамбыл Байғонов күдікті ретінде сотқа шақырылды

18.08.2016
Қаралды: 1407

Осыдан 10-15 жыл бұрын Бәйдібек, Ордабасы, Сарыағаш аудандарының әкімі болып қызмет еткен, 

2011 – 2013-жылдары Шымкент қаласындағы Абай ауданының әкімі және 2013 – 2015-жылдары Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болған, «Құрмет» орденін иеленген Жамбыл Шырақбайұлы Байғонов облыстық ішкі істер депар­таментінің айыптау актісімен Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотына шақырылды.

Әл-Фараби ауданының прокуроры Х.Маматаевтың №155100131000025 қылмыстық істі қарап бекіткен, сотқа жолдаған айыптау актісінде күдікті Ж.Байғоновты мемлекеттік функцияларды атқаруға теңестірілген лауазымды тұлға бола тұра өзінің қызмет бабын пайдаланып, сенімге қиянат жасау арқылы Шымкент қаласындағы «Саят-Жан» ЖШС директорына ірі мөлшерде алаяқтық жасаудың екі дерегі бойынша – 21.850.000 теңге және 9.780.000 теңге материалдық зиян келтіру арқылы ҚР Қылмыстық Кодексінің (1997 жылғы редакциясына сәйкес) 177 бабының 3-бөлігі «б,г» тармағында көзделген қылмысты жасаған деп айыптап отыр.

Күдіктінің ісін сотта әл-Фараби ауданының тәжірибелі судьясы Шара Бийсимбиева қарауда. Қылмыстық іс құжаттары 24 томға жеткен.

Убайдулла ӘШІР.

(«Фейсбуктегі» парақшасынан).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ