Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері тұтқындалды

17.08.2016
Қаралды: 1078

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері еліміздің Қорғаныс министрлігінде орын алған үлкен қылмыстың бетін ашты.

«Тенгри ньюс» сайтының хабарлауынша, ҰҚК қызметкерлері Қарулы Күштердің қажеттіліктеріне арналған мемлекеттік сатып алу бойынша бөлінген қаражатты талан-таражға салған ұйымдасқан қылмыстық топты анықтаған. ҰҚК қарсы барлау департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық жабдықтау Бас басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Т.Жұмқазиевті 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінен қолға түсіріпті.

Сайт ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, мынадай мәлімет жариялады: «Жедел іздестіру іс-шараларының барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық жабдықтау Бас басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Т.Жұм­қазиевтің құрамында Қорғаныс және Қаржы министрліктері мен бірқатар өзара байланыстағы коммерциялық құрылымдардың лауазымды қызметкерлері және басшылары бар сыбайластық жүйе құрғаны анықталды. Министрліктің конкурстық комиссиясының төрағасы ретінде Жұмқазиев аталған кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, өзінің заңсыз істерін жабу үшін Қор­ғаныс және Қаржы министрліктерінің лауазымды адамдарының қызметтерін пайдаланып отырған».

...Бүгінде бұл қылмысқа қатысы бар деп күдік келтірілген адамдарды жаппай тұтқындау жүріп жатыр.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ