Келімсектер кеңірдектен пышақ ұрған

20.07.2016
Қаралды: 1353

Таяуда Қазығұрт аудандық полиция бөліміне аудан орталығы – Қазығұрт кентінің 40 жастағы тұрғыны мойын аумағындағы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы суыт хабар түсті.

 Осы хабар бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері зардап шегуші әйел адам­ға өзінің үйінде жалданып жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың шабуыл жасағанын анықтады. Олар әйелді байлап тастап, үйдегі 2,5 миллион теңге ақшаны алып кеткен.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің «Тонаушылық шабуыл» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қазығұрттық полицейлер күдіктілердің бірін қолға түсірді. Ол – 1994-жылы туылған Өзбекстан азаматы. Қазір бұл адам уақытша оқшаулау абақтысында отыр.

Тәртіп сақшылары қазіргі кезде қолға түскен күдіктінің жанында болған сыбайласын – 1986-жылы туылған әйелді іздестіруде. Ол да – Өзбекстан азаматы. Бүгінде аталған қылмысқа байланысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облыстық 
ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ