Заңсыз есірткі еккен 81 жастағы қария сотталды

19.07.2016
Қаралды: 1867

Бұл оқиға Отырар ауданында орын алды. 81 жастағы А. есімді қарияның айтуына қарағанда, ол 2016 жылдың наурыз айында мал бағып жүріп, ақ түсті қағазға оралған дәндер тауып алады.

 Қария бұл дәндердің көкнәр өсімдігінің ұрығы екенін білген.

2016 жылдың сәуір айының орта тұсында ол қария өзі тұратын үйінің ауласына әлгі көкнәр өсімдігін еккен. Өзінің бұл ісінің заңсыз екенін білсе де, бұл өсімдікті  күнделікті күтіп-баптап, суғарып тұрған.

Аталған оқиға көп ұзамай құқық қорғау органдарына белгілі болды. Бұған орай тиісті шара көріліп, А. есімді қарияға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі, 3-тармағына сай қылмыстық іс қозғалды. Оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленіп, өз кінәсін толық мойындағандықтан мәміле түріндегі процессуальдық келісім жасалды.

Р. ХАЛМҰХАМЕД, Отырар ауданы прокуратурасының прокуроры.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ