Сабыр емші келе жатыр

20.11.2017
Қаралды: 544

«Замананың» өткен нөмірле­рінің бірінде біз үмітсіз деген талай науқастың аяқтан тік тұруына жәрдем беріп жүрген семейлік Сабыр Сыбанжанов (суретте) туралы жазған болатынбыз. 

Дәрігерлік білімін Шығыс медицинасымен ұштастырған бұл азаматты көпшілік диагнозды дәл қоятындығымен де жақсы таниды.

«Мен тамыр ұстаған кезде көздерім автоматты түрде тарс жұмылады. Сосын науқастың тұлабойы түгел, әрбір тамыры, жүйке талшығына дейін қалай жұмыс атқаратынын сезіп-біле­мін. Дұрыс қойылған диагноз аурудың 50 пайызға ем­делетінін білдіреді. Ары қарай ем-шара дұрыс жүргізілсе, толықтай жазылуға жол ашылады», – дейді ол.

Шынында да, оның саусағы білекке тигеннен сырқатты сканер сияқты толық анықтай алатынына өзіміз куә болғанбыз. Асқазандағы жараның, бүйректегі тастың көлемі, мидағы тамырдың тарылып, омыртқадағы жүйке талшығының нақты қай тұста қысылғанына дейін тап басқанын да көргенбіз.

«Бірнеше жыл бұрын менің башпайларым ісініп, біртіндеп қисая бастады. Одан тізем қақсап, домбығып ісіп кетті. Аяқтан басталған ауру қолдарыма жетіп, саусақтарым да ісіп, қисайды. Бүкіл денем үздіксіз қақсағанда жанымды қоярға жер таппай, күндіз де, түнде де ыңырсып, теңселіп кетуші едім. Жылына екі рет ауруханаға жатамын. Дәрігерлердің бір ретке деп жазып берген дәрілерінің өзі үлкен-үлкен екі қорап болады. Солардың кері әсері ме, бертін келе асқазан да ауру болды, өт толды. Бүйрек те, бауыр да сыр берді. Қан қысымы ойнамалы болып қалды. Ал өзім таяққа сүйеніп әзер жүретін халге жеттім. Алты жылда бірнеше қалалардағы талай дәрігердің алдынан өткенмін. Ақыры мені осы ауру алып тынады екен деп, жазылудан үмітімді үзіп едім. Сабыр балама рахмет, мені үш бөліп емдеп, барлық ауруымнан құтқарды. Оған алыс-жақыннан түрлі дертіне ем іздеп барушылар өте көп», – деп жазады өскемендік Райхан әже.

Естеріңізге сала кетейік, Сабыр Сейітқанұлы келушілерді ине салу, магниттік терапия, отпен емдеу, шөппен қыздыру, нүктелік массаж бен гуашатерапия тәсілдерімен емдейді.

Сабыр Сыбанжановтың медицина саласында еңбек етіп келе жатқанына 31 жыл болыпты. Ал тамыр ұстаудағы ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі жол апатына түскеннен кейін анықтал­ған. Өзі де жыл сайын түрлі шет мемлекеттерде болып, олардың адам емдеудегі озық үлгілерін меңгеруді әдетке айналдырған жан. Тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге бір сағаттық дәріс өткізу үшін оған шет елден жыл бұрын шақырту жібе­рушілер де жеткілікті.

Міне, осы емші-дәрігер арнайы шақыртумен Шымкентке келе жатыр. Сабыр Сейітқанұлы:

 Қараша айының 30-ы күні сағат 09:00 – 16:00;

Желтоқсанның 1-і күні сағат 09:00 – 17:00;

 Желтоқсанның 2-сі күні сағат 09:00 – 12:00 аралығында Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 3 «А» үй, 71-пәтерде ем жүргізеді.

Қабылдауға алдын-ала жазылуға да болады.

Сабыр Сейітқанұлының байланыс нөмірі: 8-702-615-54-86.

Пікір қалдыру

1000 символ