Еккенменен қарағай, қойдық оған қарамай...

07.11.2017
Қаралды: 1044

Әріптесіміз, журналист, қоғам жанашыры Дәурен Болыс еліміздің Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Н. Әбдіровтің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Қамбатыровтың, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың атына хат жолдады.  Көшірмесі әлеуметтік желіде жарияланған бұл хатта мынадай мәселе айтылады:

«Шымкенттегі дендрологиялық саябағында үстіміздегі жылдың көктем айларында Шығыс Қазақстаннан және Қырғызстаннан әкелінген 1000 данаға жуық Қырым қарағайы отырғызылған. Оларға қазынаның 6 миллионға жуық теңгесі жұмсалған. Алайда аталған көшеттердің дені бүгінгі таңда қурап кеткен.

Облысымызда бір емес, бірнеше питомник бола тұра оларды шеттен алып келуді қалай түсінуге болады? Мамандар аталған көшеттердің жерсінуін неге зерделемеген?

Дендросаябақтағы өсіп, жайқалып тұрған ағаштар кезінде жер шарының түкпір-түкпірінен әкелінген. Атап айтар болсақ, көктерек, балқарағай, самырсын, магнолия ағаштары қурамай-ақ өсіп тұр. Неге? Өйткені оларға күтім тиісті деңгейде жасалған.

Ал бүгінде егілген ағаштар көп ұзамай қурап кетіп жатыр. Өйткені күтім нашар. Мамандар «қураған көшеттердің орны ауыстырылады» дейді. Сонда бюджеттің желге ұшқан қаржысына кім жауап береді? Кім? Ол халықтың салығынан, басқа да түсімдерінен түскен қаражат емес пе?»

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!