Текке кеткен теңгелер...

06.11.2017
Қаралды: 1236

Естіген құлақта, көрген көзде жазық жоқ. Шымкент қаласына тиесілі мыңдаған гектар жерге егілген «жасыл желектің» сиқы мынадай. (40 мың гектар дегенді естідік. Анығын әкімдіктегілер білер).

Бірде-бір көшет көгермепті мұндағы. Қайтіп көгерсін, жақын маңда су да жоқ. Отырғызылған – жеміс ағаштары екен. Бастапқыда «водовозбен» суғарғансып жүрген де болар. Шымкенттің аптабына шыдасын ба, түгелдей қураған.

Текке кеткен теңге мен еңбек күшінің сұрауы бар шығар, әу баста неге дұрыс жоспарламаған? Не дегенмен бюджеттің миллиондаған ақшасы ғой желге ұшқан, кім жауапты бұған?

Бұл – бір ғана жердегі көрініс. Басқа да көшет егілген жерлерді қараусыз қалдырмай, құзырлы орындар тексеріп, есебін беруі керек. Рәсуа болған қаржыны кінәлілердің мойнына іліп, келер көктемге олар өз қаражаттарымен отырғызсын көшетті енді! Әйтпесе жылда шығынданып, қыр-сай мен  шатқалдың бәріне көшет отырғыза бергеннен пайда болмасы анық.

Нұрбол ОРЫМБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!