Дәурен Болыс: – Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы үш-төрт айда бір емес, бірнеше шенді қызметкер парамен ұсталды. Енді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы ұсталды деген суыт хабар келді.
Елбасы, ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың қызметкері парамен ұсталса, басшысы қызметтен кетсін деген қатаң тапсырмасы бар. Оны жақсы білесіздер. Демек, бұл ұсталған адамның бастығы қызметтен кетуі керек дегенді аңғартады. Қазір елімізде жемқорлықпен күрес және оның алдын-алу шаралары қызу жүріп жатыр. Арнайы заң бар. Әдеп кодексі тағы бар. Бірақ ондағы талаптар тиісті деңгейде орындалмайды. Неге? Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет! Бұл әр мемқызметшінің ұраны. Жалған ұран орға жығады! Әр мемқызметшінің бойында адалдық, әділдік қасиеттері нық орнамайынша, жемқорлықты жою мүмкін емес!
Батыр Қожин: – Парамен ұстау оңай емес және өте күрделі операция. Бір рет алды деп ұстамайды, ең азы үш рет фиксация жасалады. Барлық жүріс-тұрыстары аудио-видеомен толық пысықталады. Содан кейін қолға кісен салынады. Мұндай жағдай болмаса сотта оп-оңай құтылып кетеді.
Әйгерім Төлепова: – Сәтжанды да, Болатты да араға апта салмай ұстап беріп отыр. Екі видеода да (Сәтжан мен Болаттың) таңырқай қарап тұрғанын байқау қиын емес, әрине. Осы екі азаматты да шақырып алып: «Орындарыңнан кетіңдер», – десе кетер еді ғой. Бұл – халықтың биліктегілерге деген сенімін тұншықтырып өлтіру деген сөз. Билікке сенбеген халық – сорлы халық. Сәтжан да, Болат та өз істерін жақсы білетін мамандар еді.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!