Жұрт не деп жатыр?

19.09.2017
Қаралды: 312

1-қыркүйекте Парламенттік тыңдауда латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылғаны белгілі. 
Іле-шала әлеуметтік желілерде жаңа әліпбидің бұл нұсқасына деген жұртшылықтың қарсы пікірлері жариялана бастады. Біз соның бірқатарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
 
"Бұл латын жынды қылатын латын болды..."
Жанбота СҰЛТАНМҰРАТҚЫЗЫ.
 
"Билікке рахмет. Таласуға ақша бермесе де, тақырып тауып береді".
Сұлтан СҮЛЕЕВ.
 
"Латын сeніng не теngіng, жылтырайды коeteніng".
Roman QAZAQ.
 
"Қазақша сөйлемейтін «шалақазаққа» латынша жазғызғаннан, қазақша сөйлеп кетсе жақсы... Бірақ, әй қайдам..."
Кенжебек ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ.
 
"Осының барлығы «Кирилл» шалға әбден бауыр басып қалғанның кесірінен. Әйтпесе сақалын сәл күзеп жіберсе, «Латын» қария әйбат қой!"
Арман СҚАБЫЛҰЛЫ.
 
"Оңай емес жазушыға, ақынға,
Оқырманы көшіп кетсе латынға".
Нұртас ИСАБАЕВ.
 
"Мына әліпби идеясының авторы МС Сайлаубек боп жүрмесін..."
Сәкен СЫБАНБАЙ.
 
"ХҚКО-тары анықтаманы орысқа кирилде, қазаққа латынша бере ме?"
Ильяс ЕРЖАНОВ.
 
"Латыншаға қазір көшуге қарсымын. Мына үлгіге тіпті де. Керек болса баламды орыс сыныбына берем".
Serіk KEREY.
 
"Ондай әліпбимен аты-жөнімді қатесіз жазуға қорқып отырмын".
Арнұр АСҚАРОВ.
 
"Бәрінен бұрын Мә­гілік ел дегенді жаза алмай қиналатын болдық-ау. "Ң"­ әрпі қайда?"
Нұргелді ӘБДІҒАНИ.
 
«Үш тілді» ел едік, қос әліпбилі мемлекет болып кетпейікші!
Кәмшат АЛБАН.
 
"Латыншаларыңызды оқимын деп басым айналып, көзім бұлдырап кетті".
Гауһар ТАС.
 
"Мына түрімізбен латын әрпімен «мысық» деп жазып алып, «ит» деп оқып отырады екенбіз. Қой, ендеше!"
Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!