Еркек оқыған құранға қол жайғым келеді

06.09.2017
Қаралды: 404

Бір жыл боп қалды ғой, көршілеріммен жақсы араласамын. Әлі бала көре қоймаған, өздері де бала – жас жұбайлар. 

Екеуі де кішілігін көрсетіп, елпілдеп тұрады. Жұмыстан келе жетсам, менен арапа екенін естіген әйелі шелпек пісіріп қойып, мені күтіп отырғанын айтты.

Дастарханға жайғастық, «қабыл болсын» айттық. Бір кезде әйелі: «Бір құран оқу керек еді...» – деді. Мен: «Ал, оқып жібер», – деп күйеуіне қарадым. Ол оқи алмайтынын айтты. Еркек отырғанда әйел оқымайтынын жеткізіп, телефоннан тауып «Ықылас» сүресін шығарып бердім. Ең болмаса қарап оқуын өтіндім. Ол әрі-бері телмірді де: «Мынаған тіл үйренбеген, бірдеңесі бұрыс боп қалса... Білсең сен оқышы», – деді.

Ниет етіп қойдық, қайда барайық? Құлағы түрік әруақтар күтіп қалды. Амал жоқ, оқыдым.

Телефоннан сол үшін тапқанымды жібердім, жаттап алатынын жеткізді. Мен діннің адамы емеспін, жай ғана мұсылманмын. Сол сүрелерді арнайылап жаттаған да емеспін. Көкем (әкемді солай атаймын) оқығаннан көкейде қалған. Себебі ер адам дауыстап оқиды. Қаншама адам отыр, соншама санада сақталады. Бәлкім ол жерде бала бар шығар, құрсағына бірдеңе біткен болашақ ана бар шығар.

Еркек оқыған құранға қол жайғым келеді. Өйткені ол құлақта қалады. Ниет-тілектеріңізді қабыл қылғай! Айттан айтқа аман жетуге жазғай!

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!