Қазақ азаматы тек күзетшілікке ғана лайық па еді?

29.08.2017
Қаралды: 821

Ұлы дала күзетшілері! Тек Қа­зақстанда, қазақ қана күзетші.

Алматыда бар, бар,

Астанада бар, бар,

Ақтөбеде бар, бар,

Атырауда бар, бар...

Осы сұрақ мені мазалап ке­леді. Неге «күзетші» деген кәсіп иелері жаппай қазақ азаматтары? Қа­зақстанда қоныстанған бас­қа ұлыс­тарға бұл кәсіп бұйырмапты. Құдай күзетшілік қылуды тек қа­зақтың маңдайына жазғаны ма? Қай қалаға барсам да, қай обылыстың аудандарын араласам да арқаларында «күзетші» деген жазу бар ылғи қа­зақ. Өндіріс орын­дарын, кафе-барларды, сауда үйі мен базарларды күзететін сол қазақ күзетшісі.

Егер біздің ел тек бір ұлт – қазақтан ғана құралған болса, онда бұл сауалға жауап іздеп бас қатырмас едім. Алайда Қазақстан көпұлтты мемлекет. Десек те өзге ұлт өкіл­дерінің арасында күзет­шілікті кәсіп еткендер (мүмкін мен көрмеген болармын) жоқ деуге болады. Былайша айтқанда, қай салада болмасын, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің кәсіп­тері  – «жылы жерде» отыру. Ал бұлардың күн­дізгі және түнгі ты­ныштығын қамтамасыз етіп, күзете­тін сол сорлы қа­зақ тағы да.

Бұның салдарының ең бас­тысы – жұмыстың жоқтығынан ауылдан қа­лаға көшіп келген қа­зақтың кәсіп таңдайтын жағдайы жоғы. Әрі осы қазақтардың отбасында жоқ дегенде 4-5 баладан бол­ғандықтан. Мы­на нарықтық заман қысқандықтан, жұ­мыссыз жүргеннен кейін бұл кә­сіпке ойланбастан кірісіп кетеді. Бір жағынан бала-шағасының несі­бесін айы­ру болса, екінші жағынан ал­қымнан алған несиесі тағы бар. Сол себептен күзет­шілікті қа­зақ xалқы «патенттеп» алғандай.

Бұл қалай болғанда да «Қазақ тек күзетшіге лайықты» дегендей...

Сіз бұған не айтасыз, оқырман?

Ринат РАФХАТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!