Өлім бардың малын шашып, жоқтың артын ашпауы керек

08.07.2017
Қаралды: 748

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен   өткізілген  «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» форумына қатысушылардың Оңтүстік Қазақстан облысының халқына арнаған Үндеуі

Біз, «ХХІ ғасырдың үз­дік зияткер имамы» фору­мына қатысушылар, дініміз бен ұлттық салт-дәстүр­лерімізді жаңғыртуға үлес қоса отырып, Қазақстан мұ­­сыл­­­мандары діни бас­қармасы Ғұламалар Ке­ңесінің XV отырысында бір­ауыздан қабылданған «Жаназа һәм жерлеу мәселелері» атты Қа­зақстан мұсылмандарының дүниеден өту, жерлеу, ас беру дәстүрлеріне негіз­делген пәтуасын ел ара­сында жү­зеге асыру мәселесін қол­дап, қуат­таймыз. Осы бағытта келесі мәселелерді жан-жақты қарастыруды орынды деп санаймыз:

Біріншіден, құдайы ас (садақа) дастарханы ба­рынша қарапайым болғаны абзал. Бұл – ысырап­шылықтың алдын алудың бір жолы. Қазақ «Өлім – бардың малын  шашады, жоқтың артын ашады» деп артық шығынды сынаған, еңбекпен тапқан жиған-тергенді тек игілікті іске жаратуды қолдаған. Ыбырай Алтынсарин, Май­лықожа, Әубәкір Диваев, Құбанғали Халид және өзге де зиялы қауым өкілдері қазақ халқының садақа дастар­ханында ет, ба­уырсақ, қы­мызбен қатар ұлттық тағамдардың ғана болғанын нақтылап көр­сеткен.

Марқұмдарға арналған садақаны қаражаттай, та­мақтай және заттай аз қам­тылған отбасыларға таратуға болады. Осы ұс­танымды ел арасында жү­зеге асыру керек. Өз кезе­гінде біз Оңтүстік Қазақстан облысының мұсылман тұрғындарын және асхана мен мейрамхана басшы­ларын садақа асын өткізу барысында осы ұсынылған садақа мәзірін сақтауға шақырамыз.

Марқұмның бір жылға дейінгі садақа ас мәзіріне ұсынылатын тағамдар түрі мынадай: нан, бауырсақ, же­ті нан, тары, талқан, (жар­ма), құрма, қант, кәм­пит, печенье, өрік-ме­йіз, қаймақ, сары май, шай, су, ет немесе күріш.

Екіншіден, жаназадан бір күн алдын қонақасы бері­летін болса, қазаға кө­ңіл айту үшін алыстан кел­ген тума-туыс, жекжат-жұрағатқа ғана қарапайым дастархан жайылғаны абзал. Қонақасы дастар­ханын арнайы мей­рам­ханада өткізбей-ақ, үйде өткізген дұрыс. Өйткені, бұл – жақынынан айы­рылған отбасы үшін едәуір салмақ түсіретін мәселе. 

Сондай-ақ жұма күні берілетін садақа ас намаз уақытынан тыс уақытта өткізілуі қажет. Өйткені бұл күні күллі мұсылман жұрт­шылығы жамағатпен орын­дайтын жұма намазына барады.

Үшіншіден, садақа асын сөз жарысқа айналдырмау қажет. Садақада бәсең дауыспен сөйлеп, микро­фонды ұсынғанда сөйлеуші адамның атақ-абыройына айрықша тоқталу – артық. Көңіл айтушы адам ар­тында қалған отбасы мүшелеріне жұбату сөзін айтумен шектелсе құба-құп. Ал садақаға қатысу­шылардың барлы­ғының да сөйлеуі шарт емес. Осы орайда бірнеше адамның көңіл білдіруі жеткілікті. Біз, бүгінгі форумға қаты­сушылар, садақа астың ұзаққа созылған жина­лысқа ұласуын құпта­маймыз.

Төртіншіден, жамағатты жаназа намазына толық­қанды қатысуға, сап тысында қалмауға және намаздан бұрын арнайы митинг жасамауға әрі ретті-ретсіз көп сөйле­меуге шақырамыз. Шын мәнінде дәрет алып, жаназа намазына қатысу – марқұмға білдірілген нағыз туыстық жанашырлық бо­лары сөзсіз. Дінімізде жана­за намазына қатысқан мұ­сыл­манға мол сауап жазы­латыны айтылған. Пайғам­барымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетте­рінде жаназа намазына 40 мұсылман адам қатысқан жағдайда марқұмға Алла­ның жеңілдігі болатындығы білдірілген.

Бесіншіден, мәйітті ақтық сапарына шығарып салу рәсімдерінің барлығын Діни басқарма бекіткен жаназа пәтуасы аясында жүзеге асыру қажет. Мә­йітті күт­тірмес үшін жаназа нама­зынан соң бірден жерлеуге алып кеткен жөн.

Алтыншыдан, қабірге қатысты ҚМДБ бекіткен пәтуаны басшылыққа алу ұсынылады. Қабір басына белгі ретінде құлпытас қою­ға рұқсат. Алайда қойылған құл­пытасқа сурет салуға, мү­сі­нін ойып, пәнилік кө­рініс­терді білдіретін түрлі кейіп­тер жасауға бол­майды. Тас­қа марқұм­ның аты-жөнін, туылған және дү­ниеден өткен күнін жазуға, ай белгісін қоюға рұқсат. Құран аяттары аяқасты бо­лып кетпес үшін оны жаз­баған жөн. Қабір тап­талып, аяқасты болмауы үшін зиратты тұтас қор­ша­ған дұрыс. Қоршалған зи­раттың ішіндегі қабірді жеке-жеке қоршау шарт емес.

Біз, «ХХІ ғасырдың үз­дік зияткер имамы» фо­румына қатысушылар жер­гілікті ха­лыққа діни рә­сімдерді атқару барысында Қазақ­стан мұ­сылмандары діни басқар­масының Ғұ­ламалар Кеңесі бекіткен ұлттық дәс­түрімізге сәйкес жаназа пәт­уасын бас­шылыққа алуға және осы рәсімдерді өткізу кезінде ҚМДБ-ға қарасты имам-молда­лардың қыз­метіне ғана жүгінуге, сон­дай-ақ бірлігіміз бен діни рәсімнің бірізділігі үшін осы Үндеуде айтылған мәселе­лерді жүзеге асыруға шақырамыз.

3-шілде, 2017-жыл.

Шымкент қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ