Заң-айна

Жас журналист қыздың жарқын іс-әрекеті

Қаралды: 87

Шымкенттегі «НарТВ» телеарнасында жұмыс істейтін жас журналист Рабиға Жүніс өзінің кәсіби мерекесіне орай тарту етілген 150 

мың теңгелік ақшалай сыйақыны жетім қызға тарту етті  деп  хабарлайды    «ҚазАқпарат» агенттігі. Жергілікті телеарнаның тілшісі Рабиға Жүніс болашақта журналист болуды армандаған жасөспірімге осылайша қолдау көрсеткен.

Айта кетейік, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Арыс қаласына барған сапарында балалар үйіне барып, балалармен кездескен болатын. Тәрбиеленушілердің арасынан Кристина есімді қыз болашақтағы арманы – журналист болу екенін айтқан. Ал Түймебаев Кристинаның талабына риза болып, қызды барынша қолдауға шақырған.

Міне, дәл осы қызға Рабиға Жүніс өзінің сыйақысын табыстады. Оның «БАҚ қызметкерлері» күнінде жеңіп алған 150 мың теңге сыйлығы Кристинаға тарту етілді.

«Nur.kz»

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру