Иесіз жатқан сөмке, шабаданға назар аударыңыздар

20.06.2016
Қаралды: 1561

Ақтөбе қаласында орын алған оқиғадан соң елімізде 40 күнге «Лаңкестік қауіптіліктің сары деңгейі» енгізілгені мәлім. Бұл лаңкестік қауіптің шекті (қызыл) және жоғары (қызғылт-сары) деңгейінен кейін дәрежеленетін бірқалыпты деңгейіне жатады.

Осыған қатысты еліміздің әрбір аумағындағы атқарушы билік пен жергілікті полиция халықты құлақтандырып жатыр. Мысалы, кешегі аптада Шымкент қалалық жергілікті полициясының бастығы, подполковник Данияр Мейірхан Шымкент қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметінің атынан «Фейсбукте» мынадай хабарлама жариялады:

«5-ші маусым күні Ақтөбе қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты оларды полиция мен арнайы қызметтер елдің түкпір-түкпірінен іздеуде. Оларды бәрібір табады. Солардың кесірінен бүкіл еліміз қырық күн бойы «террористік қауіптіліктің сары деңгейінде» өмір сүруге мәжбүр.

Шындығында бұл үшін қатты дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Керісінше, бұндай террористердің  акциялары бейбіт өміріміз бен сабырлылығымызға сына сала алмайтындығын еліміздің тыныштығымен дәлелдеуге мүмкіндік жасауда. Дәл қазір қала өмірін қауіпсіздендіру үшін құқық қорғау органдарымен бірге күштерімізді біріктіру қажет. Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметі жұмыстың күшейтілген күн тәртібіне көшті. Халық көп жиналған жерлердің бәріне патрульдеріміз қойылды.

Қала тұрғындарының қолдау көрсетуін сұраймыз. Яғни иесіз қалған сөмке, қорап, қап, шабаданға назар аударыңыз, қандай жағдай болмасын қол тигізбей, тез арада полицияға хабарласыңыз. Бейтаныс тұлғадан заттар мен ораулы жөнелтілімдерді алмаңыз. Қазіргі орын алған жағдайға байланысты барлық күдік тудырған автокөліктерге түпкілікті тінту  жүргізетін патруль қызметіне түсінушілікпен қарауыңызды сұраймыз.

Сіздер үшін кезекші бөлімнің тәулік бойғы 102, 8-7252-53-52-52 телефон нөмірлері мен 8-701-013-01-02 WhatsaApp жұмыс істейді.

Қаламызды қауіпсіз етуге бірге күш салайық!

Құрметпен – әкімият, Шымкент қалалық ЖПҚ».

...Қазақша және орыс тілінде жарияланған бұл хабарламалар соңында Ақтөбеде орын алған оқиғаға қатысты іздестіруде жүрген жеті-сегіз адамның суреттері қоса берілген.

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ