Заң-айна

Бір ауыз сөз... (Желідегі жазбалар)

Қаралды: 192

Үйімізде бес жанбыз. Кешке әркім өз бөлмесіне телефон ұстап кіріп кетеді. Бір-бірімізбен көп сөйлес­пейміз.

Әңгіме айтайын десең жолдасым телефоннан ма­шина, соңғы техника жаңалықтарын көрумен әуре, үлкен қыз «ВК»-да отырады, біреуі «Инста­грамда», кішкене ұл телефон ойынымен әуре.

Өткенде ұрыстым. «Бара-бара адамдар сөйлесуден қалатын болды. Ең болмаса тамақ ішкенде телефондарыңды тастап, қандай жаңалықтар болды, соны жеке-жеке айтасыңдар», – деп ультиматум қойдым.

Шынында да осы күнде көрші бөлмедегі балаларды «Уатсап» арқылы шайға шақырамыз дегенді көп естимін. Осылай жалғаса берсе иба, иман, сырласу емес, бір-бірімізден тілде­суден де қаламыз. Бара-бара сөйлеуді ұмытамыз. Байқайсыздар ма, қазір балалар мылқау, бір-бірімен сөйлеспейді. Қонаққа келгенде бір-бір телефонды шұқылап, әрқайсысы әр бұрышта отырады. Бұрын­ғы біздің кезіміздегідей шу жоқ.

50-60 жылда тілдесуден қалып, тек телефонмен сөйлесу бола ма деп қорқамын.

Қ. Жұмашева.

* * *

«Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі – зор билік, екіншісі – зор байлық»; – деген екен хакім Абай. Бұл сөздің мағынасы – біздің ағайындар қолында билігі бар немесе байлығы бар жандарды ғана мойындап, солардың сөзін ғана мақұл көреді де, басқа ақылшыларды мың жерден данышпан, кемеңгер болса да жүре тыңдайды дегені ме екен?

Т. Тұрапбек.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру