Шымкентке оралуды армандап жүргендер көп

12.06.2017
Қаралды: 898

Жерлесіміз, шымкенттік азамат Дәурен Болыс біраз уақыт Астанада тұрып, сол жақта жұмыс істеген еді. 

Таяуда ол Шымкентке оралды. Таңқалысып, неге келіп қалғанын білгісі келген жұртшылыққа ол әлеуметтік желі арқылы былай деп жауап жазыпты:

«Шымкентке келіп қалғансың ба? Астана ше? Ұнамады ма?» – деп сұрап жатқандардың санында есеп жоқ. Иә, өзімнің Шымкентіме оралдым. Шырайлы шаһарыма қоныс­тандым. Ал әлгі сұрақтарға берер жауабым мынау: Астана – бас қала. Жас қала. Бірақ адамдары көңілімнен шықпады. Өзімшіл. Бір-біріне суық. Қысы алты айға созылғандықтан ба, жүректері де мұздап кеткен сияқты. Жылылық бай­қалмайды. Барыс-келіс жоқ. Таңертең кетесің, кеш бата келесің. Болды. Ағайын-туыс дос-жаран – бәрін-бәрін ұмытады екенсің. Тура бір робот сияқты. Еркіндік жоқ. 90 пайыз халық орыс тілінде сөйлеседі. Құжат айналымының дені ресми тілде. Қазақилық байқалмайды. Иісі де сезілмейді. Әйтеуір жұмыс деп сүйретіліп жүрген жандар. Адами құндылықтар жоғалып барады Астанада. Сол, жоғалып кетпей тұрғанда елге қайтайын деп шештім. Тек мен емес, Шымкент жаққа оралғысы келіп жүргендер өте көп. Сағынады. Бірақ жұмысын қимайды».

...Дәуреннің осы жазбасына қа­тысты әлеуметтік желіде төмен­дегідей диалог орын алыпты.

Парманова Мира: – Құтты болсын! Жақсы шешім ғой.

Сәбит Ремет: – Мен де дәл осындай болғанмын. Шымкентке жетпейді.

Нағима Шойғараева: – Қош келдіңіз! Мен де бас қаланы тастап кеткендердің бірімін. Шым­кентке жететін жер жоқ деп есептеймін.

Еркебұлан Жаулыбаев: – Келісемін. Бірақ 90 процент ресми тілде дегенге келісе қоймайды екенмін.

Өзіңіз айтқандай, шымкент­тіктердің барлығын сол қазақилықты сақтап қалу, бизнесті көркейту үшін шақырған емес пе? Сіз қашып кеттіңіз. Ол қалай болғаны?

Дәурен Болыс: – Қашып кеткені несі? Олай деме. Жеке қалауым бұл!

...Шымкенттіктерді шақырмайды. Олар өздері барады.

Malіka Abdalіewa: – Бәріміз де солай келдік.

Жансая Сыдықбай: – «Таңертең кетесің, кеш бата келесің. Болды. Ағайын-туыс, дос-жаран – бәрін ұмытады екенсің. Тура бір робот сияқты. Еркіндік жоқ...»

Осы этаптан өтіп барып қалдық қой. Бірақ түбі мен де Шымкентіме ораламын.

Марина Хасанова: – Дәурен мырза, 100 пайыз шындықты айттыңыз. Мен бұрын Астанаға ауысқалы жатқанымда танымайтын бір кісі осы «Фб»-да жазған еді: «Айналайын қарындасым, сен елдің алдында еркелеп жүрген қызсың, туысың, бауырларың алақанына салып отыр. Ол жаққа барып ішқұса болып бір өзің қаласың», – дегенде түсінбегенмін. Уақыт өте келе ес жинадым. Бірақ әлі де шешім қабылдай алмай отырмын екі жаққа бой үйретуден. Бірақ әлгі кісінің айт­қаны дұрыс келді. Ауызбен жүз рет айтып арманда қалғанша көзбен көріп, бір рет өзіңді-өзің сендіргенің дұрыс екен.

...Сол жақта тұрып, өмір сүріп жатқан кісілер келем деушілерге дұрыс кеңес айтулары керек.

Айәсел Әбен: – Мен де солай ойлаймын. Астанаға қанша рет шақырса да бармап едім суығына шыдай алмаймын деп. Дұрыс істеген екенмін, қазір өкінбеймін. Шүкір, ата-анам қасымда, жұмысым да бар. Маған одан басқа не керек енді?

Әлима Бердімұратова: – Мен де қайтқым келіп жүргендердің бірімін. Жұмыс болса, қайтар едім. Шымкентке жетпейді. Жаймашуақ қой адамдары.

Мен де ішқұса болып кететін болдым мұнда. Бәрі бір нервный ғой жүрген, өмірге өкпелі. Бір нәрсені қатырғандай жүреді әйтеуір. Уақыт өткеріп, айлық алса болды, результат қызықтырмайды, істері берекесіз.

Мұхтар Сейтжапбаров: – Хош келдің, бауырым!

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!