Заң-айна

Қуық жарылса, оның құнын кімнен сұрайсың?

Қаралды: 551

«Кеше Шымкентте «Шабыт шеруі» болды. Бәрі керемет өтті. Бірақ ол шараға қатысқан, ауданнан келген  бір танысым дәрет қысып қиналғанын айтты.

 «Түркістан» сара­йына бардық, кіргізбеді. Ж.Шанин театрына бардық, кіргізбеді. «Гараждардың арасы» деген сияқты жер де жоқ екен. Қуық жарылды», – деп реніш білдірді маған. Мені әкімшілікте істейді деп ойлады-ау. Алайда сәл ойланатын  нәрсе екен. Ұйымдастырушылар келесі жолы мүмкін Мақтааралдағы сияқты қымбат әжетханаларды қоюы керек шығар. Бас ауырса шыдауға болады, дәрет қысса қиын бірақ».

Әлеуметтік желі қолданушысы Дастан Баширов өзінің жеке парақшасында осындай оқиға жөнінде хабарлады. Бұған қатысты жұрт мынадай пікір білдіріп жатыр:

Өмір Шыныбекұлы: – Бүгін мұғалімдердің чатындағы әңгіме де осы жөнінде болды.

Жәмила Мамырәлі: – Өте орынды мәселе. Ана бір хэштег бар еді ғой «Күлетін нәрсе емес» деген... сондай. Шымкенттің көшелерінде дәрет қыспасын деп тілеңіз. Бұл мәселе қаланың қақ ортасында да шешілмеген.

Үмітхан Алтаева: – Қайсыбір жылы «Мә­дениетім – мерейім!» облыстық фестивалі осы алаңда ұйымдастырылғанда ауданнан келген өнерпаздар тап осылай қиналып еді.

Aіdana Batrhan: – Ең қиын нәрсе расында! Әр мектептен 100 бала апарып, біраз мұғалімдер де, оқушылар да қиналды.

Мадияр Аяғанов: – Ақысына болса да биотуалет қойса да болар еді. Болмаса бір кәсіпкерге берсе де соны істетер ме еді ақысына? Бәрін ұйымдастырып, тек осы ең керекті мәселелердің біріне кіретін туалет мәселесін әкім аппараты ойламағанына қатты қынжылдым. Оқушылар өте қиналды.

Бағлан Майқиева: – Енді шеруге баратын болсаңыздар бірінші дәретханасы бар ма деп сұрап алыңыздар. Бұл мазағым емес.

Ләззат Омарова: – Мұны басшылардың сайтына салып жіберу керек. Қалада ең жаманы – осы нәрсе. Күнде жиын, күнде той жасап жатқандар алдымен көшедегі туалет жағын қарастыруы керек қой.

Күнту Арынбек:  – Алматыда дәл сондай шеру болды Алты жерге көшпелі дәретхана орнатып қойыпты. Соны көріп риза болған едім.

...Міне, Шымкентте осындай да жағдай  орын алыпты. Басшылар осы пікірлерді назарға алып, одан тиісті қорытынды шығаруы керек-ақ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Қолданушы 10.06.2017 22:10
Өте орынды. Керек нəрсе. Кім болса да қала ортасында жүріп қысылып көрсе түсінеді. Өз басымнан өткен. Баратын дер жоқ. Амал жоқ үйлер арасына кішісін сындыпюрып үлкенін шыдатуға тура келген. Əкімшілік неге ескермейді екен соны
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру