Заң-айна

Абыройлы болыңыздар!

Қаралды: 173

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алды. 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  бұйрығымен Шымкент қаласындағы екі аудан прокуратураларына жаңа басшылар тағайындалды.

Шымкент қаласындағы  әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне Сұлтан Орманов тағайындалды.

Сұлтан Шатемірұлы Ор­манов 1966-жылы туылған. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­верситетін «құқықтану» мамандығы бойынша бі­тірген. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасында бастаған. Облыс прокуратурасында, Түркістан, Шымкент, Арыс қалалары мен Сайрам ауданының прокуратураларында және Шымкенттің әл-Фараби аудандық прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған. Шымкент қаласындағы Абай ауданының прокуроры болған.

Ал қаладағы Абай ауданының прокуратурасын енді Жомарт Нұрғали басқаратын болды.

Жомарт Нұрғалиұлы Нұрғали 1978-жылы Шымкент қаласында өмірге келген. А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқық­тану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Түлкібас ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Кейін Шымкент қалалық прокуратурасы мен облыс прокуратурасында,  ҚР Бас Прокуроры аппаратында лауазымды қызметтер атқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының аппарат басшысы – басқарма бастығы, Кентау қаласының прокуроры бол­ған.

Кентау қаласының прокуратурасын ендігі жерде Талғат Сейдуалиев басқаратын болды. 

Талғат Сатышұлы Сейдуалиев 1969-жылы  Жеті­сай қаласында туылған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік уни­верситетін «құқықтану» ма­ман­дығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Жезқазған қаласы прокуратурасында бастаған. ҚР Бас Прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған, Бас Прокурордың аға көмекшісі болған. Кейін Астана қаласы прокуратурасында, ҚР Бас прокуратурасында басқарма аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған.

Ал Шардара ауданының прокуроры қызметіне Өнер Әбді­қалықов тағайындалды. 

Өнер Әметұлы Әбді­қалықов 1982-жылы Жеті­сай қаласында дүние­ге келген. Д.Қонаев атындағы университетті «құ­қықтану» мамандығы бо­йынша бітір­ген. Еңбек жолын Мақтаарал ауданы прокурорының көмекшісі болып бас­таған. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында, Сарыағаш, Мақтаарал ау­дан­дары прокуратураларында лауа­зымды қызметтер атқарған, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық про­цестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары болған. 

Сондай-ақ Түркістан қа­ласының прокуроры ауысты. Түркістан қа­лаcының прокуроры қыз­метіне Руслан Әбді­райымов тағайындалды. 

Руслан Әлжанұлы Әбді­райымов 1975-жылы  Шым­кент қаласында туылған. А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­верситетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ордабасы және Сарыағаш аудандық прокуратураларында, облыс прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған. Облыс прокуратурасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары,  қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы бол­ған.

Қазығұрт ауданында да прокурор ауысты Бұл ауданның прокуратурасын енді Батыр Қорғанбаев басқаратын болды. 

Батыр Ноғайбайұлы Қор­ғанбаев 1974-жылы бұрынғы  Бөген ауданының Ұялыжар ауылында өмірге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің мамандандырылған юриспруденция институтын бітірген. Алматы облысы прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басқарма прокуроры, облыс прокурорының кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі, облыстық прокуратураның аппарат басшысы – басқарма бастығы қызметтерін ат­қарған.

...Біз бұл азаматтарға жаңа қызметте абырой биігінен көріне беріңіздер деген тілек білдіреміз.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру