Заң-айна

71 миллиард теңгеміз желге ұша ма?

Қаралды: 118

Бүгінде жұртшылық Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активіндегі зейнеткерлерге тиесілі қыруар қаржының бір-ақ сәтте жоқ болып кетуі мүмкіндігін 

ойлап уайым шеге бас­тады. Өйткені еліміз зейнетақы қорына тиесілі 71 мил­лиард теңгеден астам ақшаны Әзірбайжан халықаралық банкінің құнды қағаздарына инвестициялаған екен. Ал таяу­да ол банктің жабылуы мүмкін екендігі белгілі болды.

Әзірбайжан халықаралық банкінің Нью-Йорктегі сотқа өзін банкрот деп жариялау туралы және сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөнінде өтініш түсіргені жария болғаннан кейін бұл жөнінде сөз көбейді. Яғни аталған банктің сыртқы кредиторларға қарызы шаш-етектен болыпты, сондықтан тағы да  3 миллиард доллардан аса көмек ақша алмақ ниеті бар екен.

Міне, осыдан құлағдар болған жұрт қазақстандық зейнет­ақы қорының сонша ақшаны аталған банкке аудара сал­ғанына наразылық білдіріп жатыр.

Ал Әзірбайжанның халықаралық банкі өзінің шығынға бату себебін әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуімен және бұл елдің ұлттық валютасы – манаттың құнсыздануымен түсін­діріп отыр. 2016-жыл қорытындысы бойынша 1 миллиард доллар шығынға ұшы­раған ол бүгінде сыртқы қарыздарын төлеуді тоқтатыпты. Сондықтан жұрт бұл бан­ктің жақын жылдары ая­ғынан тұрып кете салатынына сенбейді.

Кешегі аптада Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары Үкімет басшысы Б.Сағынтаев пен Ұлттық Банк төрағасы Д.Ақышевке депутаттық сауал жолдады. Олар аталған мәселені шұғыл түрде егжей-тегжейлі тек­серуді, бұған кінәлі адамдарды қатаң жауапқа тартуды талап етті.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру