Заң-айна

Жемқорлық мәселесі талқыланды

Қаралды: 157

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Қоғамдық денсау­лық сақтау басқармасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің, Қаратау аудандық прокуратурасының, «Атамекен» кәсіпкерлер пала­тасы облыстық филиалы жауапты қызметкерлерінің және тұты­нушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымы, аудандағы жеке кәсіпкерлер өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткі­зілді.

Дөңгелек үс­телді аудандық басқарманың басшысы Н.Жұ­ма­дул­лаев жүр­гізіп отырды. Жиын барысында мем­лекеттік қызмет істері депар­таментінің бас маманы Ж.Альжанова департамент тарапынан сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жүргізіліп жат­қан жұмыстар туралы хабарлап, қатысушыларға арнау­лы видео-роликтерді көр­сет­ті. Мемлекеттік қыз­меткерлердің имиджін көтеріп, халықтың сеніміне ие болу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қызметтік міндеттерге кеңінен тоқталып өтті.

Атауы өзгеріп, Денсаулық сақтау министрлігінің құрамына ендірілген қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің жеке кәсіпкерлікті қолдауда жүргізіліп жатқан жұмыстары және халық денсаулығын қорғау, нығайту мақсатында шешімін таба алмай жатқан мәселелерін басқарманың  қызметкерлері талқылауға ұсынды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер тарапынан нысандарды арнаулық қорытындылар алмай рұқсатсыз жұмыстар жүргізуі, сатушылардың дәрігерлік тексеруден өтпей, медициналық кітпашасыз жұмыстар атқаруы, сапасы күмәнді тамақ өнімдерін сату, санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтамау  сияқты жағдайларға кәсіпкерлер тарапынан жиі орын беріледі. Қаратау аудандық прокуратурасының прокуроры А.Жұмағұл заң талаптарын сақтай отырып, кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық бағыттағы құқық­тық сауаттылығын  арттыруды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы арқылы ұйымдастырып шешуге болатындығы туралы ұсыныс-пікірін білдірді. Бұл жұмыстар дұрыс ұйымдастырылса жеке кәсіпкерлерге де халық арасында денсаулықты нығайтуды насихаттайтын қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына да өте  тиімді болар еді.

Жиын қортындысында дөңгелек үстелге қатысушы барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тығыз байланыста   бірлесе жұмыстар жүргізу керек деген түйінге келді.

Әбдіғали КЕМЕЛОВ, Қаратау ауданы Қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.

Шымкент қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру