Заң-айна

Әпкемнің үйін иелене аламын ба?

Қаралды: 178

Сұрақ: «Менің әпкем жақында дүниеден озды. Оның меншігінде екі бөлмелі пәтер мен көлік бар еді. 

Заңды некеде болған, күйеуі бар, бірақ балалары жоқ. Енді осы жағдайда мен әпкемнің үйі мен көлігін мұрагер ретінде иелене аламын ба?»

Мереке.

Жауап: Азаматтық Кодекстің 1061-бабына сәйкес, өмірден озған әпкеңіздің бірінші кезектегі мұрагер болу құқығы мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы бола алады. Яғни сіз екінші кезектегі мұрагерлер қатарына жатасыз. Ал Азаматтық Кодекстің 1060-бабы, 3-бөлігіне сәйкес, «Заң бойынша мұрагерлердің әрбір келесі кезегі алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстің 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлік құқығын алады» делінген. Яғни сіздің ол мүліктерге мұрагерлік етуге құқығыңыз жоқ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру