Тұңғышбай Жаманқұлов кінәсін мойындапты

26.04.2017
Қаралды: 601

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанынан жұрт құлағдар. 

Ол кісіге «Қазақфильм» студиясының кино түсіруге бөлген қаржысының біраз бөлігін өз жеке мақсатына жұмсаған деген айып тағылған болатын. Алғашында актер оны мойындамаған еді. Енді оның өзіне тағылған айыпты мойындағаны белгілі болды.

«Мен бәрін мойындап, осылайша тергеуге атсалысқым келеді, – депті Т.Жаманқұлов. – Шешімді өз еркіммен қабылдадым, бұл үшін өкінемін және келтірген зиянды өтеуге дайынмын. Үстімнен қозғалған қылмыстық істі жабуларыңызды сұраймын».

Бұл жөнінде бірқатар ақпарат құралдары жария етті. Айтылған деректерге қарағанда, Т.Жаманқұлов 5 миллион 300 мың теңге қаржыны өз үйінің жөндеу жұмыстарына және құрылыс материалдарына жұмсаған көрінеді.

Т. ТҰРАН.Тұңғышбай Жаманқұлов кінәсін мойындапты

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанынан жұрт құлағдар. Ол кісіге «Қазақфильм» студиясының кино түсіруге бөлген қаржысының біраз бөлігін өз жеке мақсатына жұмсаған деген айып тағылған болатын. Алғашында актер оны мойындамаған еді. Енді оның өзіне тағылған айыпты мойындағаны белгілі болды.

«Мен бәрін мойындап, осылайша тергеуге атсалысқым келеді, – депті Т.Жаманқұлов. – Шешімді өз еркіммен қабылдадым, бұл үшін өкінемін және келтірген зиянды өтеуге дайынмын. Үстімнен қозғалған қылмыстық істі жабуларыңызды сұраймын».

Бұл жөнінде бірқатар ақпарат құралдары жария етті. Айтылған деректерге қарағанда, Т.Жаманқұлов 5 миллион 300 мың теңге қаржыны өз үйінің жөндеу жұмыстарына және құрылыс материалдарына жұмсаған көрінеді.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ