Заң-айна

Жұмағали Исмаилов жауапқа тартыла ма?

Қаралды: 213

Кезінде Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасын 5 жылдан аса уақыт басқарған Жұмағали Исмаиловқа қатысты жайсыз әңгіме шықты.

 Оған Қылмыстық Кодекстің  екі бабы бойынша күдік келтіріліп отырғаны, Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты оны қамауға алуға санкция бергені туралы айтылуда.

Біз аталған оқиғаға қатысты хабарласқанымызда әл-Фараби аудандық сотының кеңсесінде қызмет істейтін азаматтардың бірінен айтылған жайдың шындығында да орын алғаны жөнінде естідік. «Шыққан қаулыға қатысты жеке шағым түсірілген, ол облыстық соттың қылмыстық алқасына жіберілген болатын. Бізге ол жақтан әзірге басқадай материал келген жоқ», – деді ол.

Қысқасы, Ж.Исмаиловты қамауға алу туралы санкцияның берілгені рас болып шықты. Ал оған күдік облыстың денсау­лық сақтау саласын басқарып отырған кезінде орын алған жайларға қатысты келтіріліп отыр екен.

...Ж.Исмаилов Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасын 2009-жылдың шілде айынан 2015-жылдың қаңтарына дейін басқарған болатын. Кезінде облыстың 30-ға тарта бас дәрігерлерінің оның қызметтен кетуін талап еткені жұрттың есінде. Денсаулық сақтау басқармасы прокуратура тарапынан тексерілген де болатын. Яғни Ж.Исмаиловқа байланысты іс қозғалуына осы тексерулердің қатысы бар.

Ал Ж.Исмаилов осындай даулардан кейін қызметінен өз еркімен кеткен еді. Кейін ол Астанада қызмет істеді, алғашында Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, кейін Денсаулық сақтау саласын дамыту республикалық орталығында бас директор болды. Одан кейін қызметін Алматыға ауыстырғаны туралы айтылып жүрген еді.

P.S. Кешегі апта соңында Ж.Исмаиловты «үй қамағына» алу жөнінде сот қаулысы шыққаны белгілі болды.

Н.ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру