Заң-айна

Хали Маматаев – ОҚО прокурорының бірінші орынбасары

Қаралды: 176

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Хали Маматаев Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Хали Рысқұлбекұлы Маматаев 1963-жылы туылған. Қарағанды Мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бо­йынша бітірген. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Х.Маматаев еңбек жолын Созақ ауданы прокуратурасында бастаған, кейін Арыс ауданаралық прокурорының көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының қылмыстық істерді қарау заңдылығын қадағалау бөлімінің және тергеу басқармасының прокуроры қызметтерін атқарған. Шардара және  Түлкібас аудандары прокурорларының орынбасары болған. Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының және Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданының прокуратураларын басқарған.

Н.ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру