Заң-айна

ХҚКО дайын құжаттарды үйіңізге жеткізіп береді

Қаралды: 169

Енді халыққа қызмет көрсету орталығы дайын  құ­жат­тарды үйіңізге жеткізіп беретін болыпты. 

Ол үшін не істеу керек деген сұрақты біз Ордабасы ауданы ХҚКО қызметкері Данияр Мырзалиевке (суретте) қойған едік. Ол төмендегіше жауап берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірлесіп дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосқаны рас. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады», – дейді Д. Мырзалиев. 

 Баспасөз хабарламасында: «Да­йын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, кез-келген көрсетілген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткізіп беретін болады», – деп жазылған.

 Бұл сервисті пайдалану үшін клиент қызмет алуға қажетті толық құжаттар пакетін ХҚКО инспекторына өткізеді және дайын құжаттарды жеткізіп беру жөніндегі өтінімді толтыру үшін ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне жүгінеді.

 Құжаттарды жеткізіп беру қызметі жеке және заңды тұлғаларға коммерция­лық негізде көрсетіледі. Үйге жеткізіп беру бағасы қызмет көрсетілетін аймаққа және соңғы жеткізілім мекен-жайына байланысты болады. Жеткізілім жайлы ақпаратты берілген трек-нөмірі бойынша «post.kz.» сайтынан қадағалап отыруға болады.

 Қызметтің ең төменгі құны – 500 теңге. Қызмет алушы жеткізілім төлемін дайын құжаттарды алғаннан кейін жүр­гізеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған.

Жоғарыдағы басшылардың айтуынша, қызметті электрондық үкімет порталының көмегі арқылы үйден шықпай-ақ алуға болады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсімдеуге болмайтын қызмет түрлері де бар.

 Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бірнеше сервистер мен жобаларды енгізуді жоспарлап отыр.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру