Облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы азамат Қ.Қожабаеваның арызы бойынша Түркістан ҚІІБ қарасты жергілікті полиция қызметінің №3 тірек бекетіне жауапты аға учаскелік полиция инспекторы,
полиция майоры И.Абулхайров пен учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Раимовты ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы талабымен айыптау туралы қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаған. Яғни бұл азаматтар уәкілеттік берілген лауазымды адам бола тұра пайда мен артықшылықтар алу мақсатында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасаған.
2016-жылғы 14-қыркүйекте Түркістан қалалық сотының үкімімен И.Абулхайров пен А.Раимов кінәлі деп танылған. Олар мүлкін тәркілеп, ішкі істер органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
2016-жылғы 9-қарашадағы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен сотталушылар И.Абулхайров пен А.Раимовтың және олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!