Заң-айна

Ақша мен құжаттарды ішкі қалтада сақтаңыз!

Қаралды: 265

Шымкентте өткен жыл соңында жас әйелдің телефонын біреу ашықтан-ашық тартып алып кеткен еді. Жәбірленуші бұл жөнінде қаланың әл-Фараби аудандық полиция бөліміне шағымданған болатын.

Аталған оқиға бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізген құқық қорғаушылар қаланың 1998-жылы туылған, бұрын сотты болған тұрғынын күдікті ретінде қолға түсірді. Тергеу кезінде оның телефон және ақша ұрлықтары бойынша 8 қылмысқа қатысы бары анықталды.

Ұсталған адамның үстінен «Ұрлық» және «Тонау» баптары бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тексеру шаралары жүргізілуде.

Осыған орай полиция тұрғындарға қоғамдық орындарда, көшеде сақ жүруді, сөмке және басқа да заттарына абай болуды, ақша мен құжаттарды киімнің ішкі қалтасында сақтауды ескертеді. Ал осындай жағдайлардан зардап шеккенде немесе оқиғаларға куә болғанда уақыт өткізбей, тез арада «102» телефонына қоңырау шалу қажет.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі

істер департаментінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру