Заң-айна

Жұрттың көңілі күпті

Қаралды: 306

Бүгінде еліміздің Конституциясына бірқатар толықтырулар ендірілгелі жатқаны белгілі. 

Осының ішінде әсіресе 26-баптың 1-ші және 2-ші тармақтарына енгізілмек толықтырулар жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр.

Мысалы, «Қазақстан азаматы заңды жолмен табылған кез келген мүлікті жеке меншікке иелене алады» деген сөз  «Әркім заңды жолмен табылған мүлікті жеке меншікке иелене алады» деп өзгертілмек. Осыған қатысты «жерді де әркім, тіпті шетелдік азамат болса да иеленуіне жол ашылады» деген түсінік туып отыр.

Кешегі аптада Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комите­тінің төрағасы Серік Ақылбай бұған байланысты түсініктеме берді.

«Әркім» деген – Қазақстан азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Неге біздің ел азаматы еместердің немесе азаматтығы жоқтардың мүлкі қорғалуын қамтамасыз етпеуіміз керек? Мысалы, онда автокөлік, киім, компьютер бар, ол мүлік саналады. Бұдан бөлек, шетел азаматтары бізге инвестиция әкеледі, ол да – мүлік, оны қорғау­ды да Конституциямыз қамтамасыз етуі керек. Осы арқылы мемлекет елге келген инвестицияларға және заңды жолмен табылған меншікке кепілдік береді. Ал жер мәселесі – мүлде басқа мәселе», – деді сенатор.

Бірақ бұдан жұрттың көңіліндегі күдік сейіле қояды деу қиын.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру