Заң-айна

Жемқорлар жөнінде хабарлай аласыздар

Қаралды: 319

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар бас­қармасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу мақсаттарында жұмыстар үнемі жүргізілуде. 

Атап айтатын болсақ, 2017-жылдың басынан бері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып «Нұр Отан» ХДП, Оңтүстік Қазақстан облыстық және аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстелдер» өткізілді.

Өткізілген жиындарда облыс көлемінде орын алған пара алу фактілері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бойынша мәселе талқыланды. Өз кезегінде ол әр қызметкерге мұндай келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға, заң талаптарын қатаң сақтауға, бұл бағытта жүргізіліп жатқан күреске өз үлестерін қосуға ой салғаны анық. 

Бізде сондай-ақ әр тоқсан сайын басқарманың жеке құрамынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптары бойынша сынақ қабылданады. Сонымен қатар апта са­йын бөлім бастықтары өткізетін жиналыстарда бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, олар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Осыған орай Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері тарапынан жіберілген сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 44-94-37, 55-01-56 сенім телефондары арқылы хабарласуларыңызға болатындығын ескертеміз.

       Қайрат СӘРСЕМБАЕВ,

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар

басқармасы МӨБ бөлімінің бас маманы,

азаматтық қорғау подполковнигі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру