Заң-айна

Тіркеу: Айыппұлдан қалай құтылуға болады?

Қаралды: 340

Тұрақты мекен-жайынан өзге қалаға барып жұмыс істеп, тағы басқа да шаруалармен жүргендерді уақытша тіркеуге тұруға міндеттейтін заң шыққалы жұрт абыр-сабыр күйге түсті. 

Енді көп ұзамай тіркеуде жоқтарды анықтау басталады. Ондайларға айыппұл да салынады. «Фейс­бук» әлеуметтік желісінде Жангелді Сүлейменов есімді адвокат уақытша тіркеуге тұрып үлгермегендерге айыппұлдан қалай құтылуға болатыны жөнінде мынадай кеңестер беріпті:

 Әзірге Заңға уақытша тіркеуге қатысты толықтырулар ендірілген жоқ.

 Заңда барлық заттарымен жаңа мекен-жайға көшетіндердің уақытша тіркеуге тұруы керектігі көрсетілген. Заң бойынша оған 3 ай мерзім берілген. Дегенмен ішкі істер министрлігі 10 күн деп шегеріп отыр.

 Бүгінде көп адамдарға уақытша тіркеуге тұра салу қиын. Бұл негізінен пәтер жалдап тұратындарға қатысты. Пәтер қожайыны «ЦОН-ға» өзі баруы керек, ал олардың көбі «квартиранттарды» тіркетуге құлықсыз. Кейбірі ол үшін пәтер жалдаушылардан ақша талап етеді. Тіпті олардың көбі басқа қалада, басқа елде тұрады. Кейбірінде үй құжаттары жоқ болуы да мүмкін. Осындай, тағы да басқа жағдайларда «квартиранттар» уақытша тіркеуге тұра алмай қалады.

 Міне, осындай жағдайлар туындап жатса, пәтер жалдаушы тіркелу үшін 227 теңге БАЖ салығын төлеп, бұл жөнінде полицияға өтініш түсірсе, кейбір жағдайларға қатысты үй иесі тіркеуге тұрғыза алмайтынын айтса, ол айып­пұл төлеуден босатылуына негіз бола алады. Өйткені айыппұл тіркеуге әдейі тұрмай жүргендерге салынады.

 «Ішкі істер министрлігінің негізгі мақсаты – тиісті тәртіп орнату. Айыппұл салу емес! ІІМ осылай дейді. Мен оған сенемін», – дейді заңгер.

Яғни ол кісі жоғарыда көрсетілгендей түрлі себептермен уақытша тіркеуге тұра алмай жүргендерге осындай кеңес беріп отыр. Қажет еткендерге мұның пайдасы тиері анық. Әрине, оған құлақ асатындар болса. Бұл жерде үй қожайынының да ісіне жауапкершілікпен қарауы маңызды.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру