Заң-айна

Әлеуметтік желіде артық сөйлеуден абайлаңыз!

Қаралды: 1513

Бүгінде ғаламтор ақпарат таратудың бір көзіне айналып отыр. Оны жұрттың бәрі дерлік пайдаланады. 

Дегенмен, абайламаса, әлеуметтік желілердің адамға төндіретін қаупі де жоқ емес. Соның бірнешеуі жөнінде айта кетпекпіз.

 Қылмыстық Кодекстің 130-бабы бойынша БАҚ немесе әлеуметтік желі арқылы адамға жала жауып, оны таратқандар 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл төлейді немесе осыған шаққанда тең келетін көлемде түзеу жұмыстарына жегіледі. Немесе 2 жылға бас бостандығы шектелуі немесе осынша мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

 131-бап: Әдепсіз түрде сөзбен жәбірлеу. Бұл үшін заңда 200 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына жегу көзделген. Немесе кінәлі 180 сағатқа қоғамдық жұмыс­тарға жіберіледі.

 147-бап: Қызмет бабын пайдалана отырып хабарлама ұрласа немесе біреудің жеке бас, отбасы жөніндегі құпия мәліметтерді жинаған адамға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ал егер оны таратса, онда 7 жылға соттау көзделген.

 161-бап: Агрессиялық соғысқа шақыру немесе оны насихаттаумен айналысқан адам 3-тен 7 жылға дейін сотталады.

 174-бап: Әлеуметтік, ұлттық, тайпа-рулық, нәсілдік, тектік, діндік алауздық, қақтығыс туындатқан, әдейі ұлттық намысқа тиіп, діни сенімді кемсіткен, өзгенің артықшылығын насихаттаған, адамдарды нәсіліне, руына, тегіне қарай бөліп кемсіткен адам 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

 179-бап: Билікті күшпен басып алуға шақыру немесе билікті күштеп тартып алу, Конституциялық құрылысты бұзу немесе осыны насихаттау. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

 180-бап: Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға шақыру. Мұны БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы істеген адам да 5-тен 10 жылға дейін сотталады.

 207-бап: Ақпараттық жүйе мен телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу. Мұны әдейі жасаған адам немесе біле тұра кедергі келтірмеген адам 200 АЕК айыппұл төлейді. Немесе түзу жұмыстарына жегіледі. Болмағанда бас бостандығы 2 жылға шектеледі немесе осынша мерзімге бас бостандығынан айырылады.

 256-бап: Лаңкестікті насихаттау, лаңкестікке ашық шақыру. Бұл бойынша кінәлі 7-ден 12 жылға дейін сотталады, мүлкі тәркіленеді.

 274-бап: Жалған ақпарат тарату. Осы арқылы қоғамдық тәртіпке, азаматтардың, мекеменің заңды құқықтарына, мемлекеттің, қоғамның заңды мүдделеріне нұқсан келтірген адамға 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе осынша сомаға тең мерзімге түзету жұмыстарына жіберіледі. Кейде 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

 375, 376, 378-баптарда Президенттің, Парламент депутаттарының, билік өкілінің ар-намысына тию мәселесі қарастырылған. Президентті кемсіту 3000 АЕК айыппұл төлеуге немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына жіберуге негіз болады. Немесе 3 жылға бас еркі шектеледі, бас бостандығынан айырылуы да ғажап емес. Ал депутаттарды жәбірлеген адам 2000 АЕК айыппұл төлейді немесе түзеу жұмыстарына жіберіледі. Ушыққан жағдайда 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 402-бап: Сот заңсыз деп тапқан «Забастовкаға» қатысуды жалғастыруға шақыратын іс-әрекет үшін 1000 АЕК көлемінде айып­пұл салынады немесе осы көлемде жұмысқа жегіледі. Тіпті 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Unknown 31.01.2017 12:08
Сондықтан əлеуметтік желілерге псевдониммен тіркелу керек.
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру