Заң-айна

Парақорларды соттап жүрген адамның өзі пара алған ба?

Қаралды: 374

Таяуда Шымкенттегі Қаратау аудандық сотының судьясы 500 мың теңге парамен қолға түсті деген сөз таралған болатын. 

Дегенмен жергілікті құзырлы мекемелер тарапынан бұған қатысты ресми мәлімдеме болған жоқ. Ал кешегі аптаның сейсенбі күні «Ratel.kz» сараптамалық порталында бұл оқиғаны растаған мынадай хабар жарияланды:

«Қаратау аудандық сотының судья­сы Ермахан Шаланов қомақты мөлшерде пара ал­ған деген күдікпен ұсталды. Порталдың бұ­ған қатысты жолдаған са­уалына орай Жоғарғы Сот күдіктіні ұстауға қа­тыс­ты операцияны Сы­бай­лас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл ұлттық бю­­­ро­сы Жоғарғы Соттың республика сот­тарын­да жемқорлықтың ал­­дын алу және ішкі қа­уіп­сіздік бөлімімен бір­ле­се отырып іске асыр­ғаны жөнінде хабарлады.

Бізге жеткен ақпарат бойынша, пара мөл­шері 500 мың теңгені құра­ған. Алайда судьяның оны кімнен, қалай алғаны туралы әзірге айтылған жоқ».

Ақпараттық портал осылай дейді. Ал жұртшылық арасында бұл оқиғаға қатысты әртүрлі әңгімелер гулеп тұр.

Негізі, күдік келтірілген адамды кінәсі сотта дәлелденбей тұрып қылмыс жасады деп айту қиын. Бұл шулы оқиғаның жай-жапсарын тиісті органдар тергеп-тексеріп болғасын ресми түрде жария ететін шығар.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру