Заң-айна

Бағлан Майлыбаевқа ауыр айып тағылды

Қаралды: 307

Еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік  Комитеті «Мемлекеттік құпияны заңсыз жинаған, ашқан және таратқан» 

деген күдікпен Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары (ол таяуда ғана лауазымынан босатылған болатын) Бағлан Майлыбаевты тұтқындады. Арада көп өтпей Астананың Есіл аудандық соты оны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Бүгінде ол ҰҚК-нің тергеу абақтысында отыр. Таратылған ресми деректе оның үйіне тінту жүргізілгені, заттай айғақтар алынғаны туралы айтылды.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда, Б.Майлыбаевқа бюджеттен 2014 – 2016-жылдар аралығында саяси және тарихи зерттеулерге бөлінген 1 миллиард 300 миллион теңге қаржыны талан-таражға салған деген айып тағылып отырған көрінеді.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Николай Галихин де қазір қамауда отыр. Оған да мемлекеттік құпияны құрайтын деректерді жинаған, ашқан және таратқан деген күдік келтірілген. (Бұл азамат таяуда ғана «Құрмет» орденімен марапатталған екен).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Жаке 24.01.2017 11:50
Кулагинi кашан тергейдi? Кашан камайды оны? 80000 гектар Казак жерiн калай жеке меншiгiне отiрген ол? Халыка 10 сот жер жетпейдi. Неге?
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру