Заң-айна

Айыппұл мөлшері қаншаға артты?

Қаралды: 372

2017-жылы ең төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (МРП) өсуіне байланысты жол-көлік ережелерін бұзушыларға 

салынатын айыппұл көлемі де көтеріліп отыр. Айта кету керек, биыл 1 АЕК 2 мың  269 теңгеге тең болды.

 Бұған дейін жүргізушілер жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғанда – 22  мың 690 теңге төлесе, ендігі жерде 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарлатқандар  34  мың 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 мың  070 теңге айыппұл төлейді.

 Бұрылыста, бағдаршамға бағынбай өтіп кеткен жағдайда 22  мың 690 теңге төлейді. Жаяу жүргіншілер жүретін жолда жолаушыларға жол бермеген жүргізушілерге де 22  мың 690 теңге айыппұл салынады.

 Артқа жүруге және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тәртіп бұзған жүргізушілер 15  мың 883 теңге айыппұл төлейді.

 Бұрылыс кезінде жарық белгісін қоспай бұрылғандар үшін 11  мың 345 теңге айыппұл қарастырылған.

 Ал тротуарға және жалғыз аяқ жолдарға шығып кеткендер, сонда көлігін қаңтарып қойғандар 35 мың  035 теңге айыппұл төлейді.

 Жол бойында аппатты жағдай туғызған жүргізушілерге  22 мың 690 теңге айыппұл салынады. Темір тұлпарын жүргізушілік куәлігінсіз немесе уақытша куәліксіз басқарған жүргізушілер 11 мың 345 теңге төлеуге мәжбүр болмақ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру